Валеев Әділет Ғалиқанұлы, 1984 жылы Қостанай облысы, қалалық типтегі Затобольск елді мекенде дүниеге келген. 2008 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география факультетінің геоморфология және картография кафедрасында маман-картограф мамандығы бойынша білім алған. 2008 жылы әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Экология» мамандығы бойынша жалпы университет магистратурасына түсті. 2010 жылы «Экология» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алып, магистрлық диссертациясын сәтті қорғады. 2015 жылы Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың өнеркәсіптік экология кафедрасында 6D060800 – «Экология» мамандығы бойынша, PhD-докторантурасына оқуға түсті. 2022 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғап, «Экология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды. Еңбек жолын АҚ «География және су қауіпсіздігі институты» қабырғасында 2005 жылы 3 курста геоморфология және геоақпараттық картографиялау зертханасында волонтерлік жұмыстан бастады. Осы жылдар ішінде ол әртүрлі іргелі және қолданбалы жобаларға қатысуда айтарлықтай тәжірибе жинақтады. Ол аспаптар мен өлшеу құралдарын пайдалана отырып далалық зерттеу әдістерін, деректерді өңдеу мен талдаудың геоақпараттық әдістерін, ғылыми мақалалар жазу және жариялауды меңгерді. 2016 жылдан бастап Картография және геоинформатика кафедрасында қосымша бейіндік пәндерден сабақ береді. Германияда Дрезден қаласында, Дрезден техникалық университетінде тағылымдамадан өтті (2017 ж.), Душанбе және Бішкек қалаларындағы оқыту семинарларына қатысты, Вена мен Ташкентте өткен конференцияларында, баяндама жасады.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Бакалавриат
2008

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
28.03.2022
Қызығушылығы